Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның үш аймағында әскери техника жүріп, әскер қозғалады деп хабарланды

17:39, 05 қыркүйек 2026

Қазақстанның Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының аумағында 7–30 қыркүйек аралығында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады. Бұл шара Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Рубеж-2026» бірлескен оқу-жаттығуына дайындыққа байланысты өтпек, деп жазды Alash.kz.

Негізгі оқу-жаттығу 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында өтеді. Әскери қызметшілер далалық жаттығулар барысында әскерлерді қайта топтастыру, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау мәселелерін пысықтайды. 

Қорғаныс министрлігі әскери техника мен жеке құрамның қозғалысы жоспарлы сипатта екенін атап өтті. Оқу-жаттығу ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бекітілген жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес өткізіледі. 

Ведомство азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Әскери техниканың қозғалысына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар