Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйінші! Қуан, Қазақ!»: Нартай Аралбайұлы қуанышты жаңалығын бөлісті

20:30, 04 қыркүйек 2026

VIII шақырылым Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады  Alash.kz ұлттық порталы.

“Сүйінші! Қуан, Қазақ! Қазақтың сұрмергендері ЖЕҢІМПАЗ! Қырғыз елінде өткен VI Көшпенділер ойындарында Қазақтың Дәстүрлі садақшылары алдына қара салмады! Жеңімпаз атанды. 6 дәстүрлі садақшымыз барды, 4 медаль алды! Жалпы есепте алдымызға қара салмадық тағы!

 Нақты нәтиже:

 “Орта Азия” нысанасы (қыздар):
Алтын медаль - Ғалымжанова Әсемгүл
Күміс медаль -  Батихан Айкөркем

 “Пута” нысанасы (қыздар): 
Алтын медаль - Қабдоллаева Аяш

 “Пута” нысанасы (ерлер): 
Қола медаль - Сесигюзел Али

Қазақтың дәстүрлі садақшылары әлемнің қай түкпіріне барса да алтынсыз, бас жүлдесіз қайтпайды. Бұл жолы да ең үздік екенімізді тағы дәлелдедік!

Қазақстан Республикасы Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде жеңімпаздарымызды құттықтаймын. 

Осы жеңіске үлкен үлес қосқан Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Диас бауырыма, бапкер Ажар қарындасыма, ұйымдастыру жұмыстарының жауапкершілігін толық мойнына алған федерациямыздың атқарушы директоры Жангелді бауырыма және барлық жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын!

Алға, Қазақ елі!”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар