Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш күн бойы Киевке шабуыл жасамаймыз". Ресей президенті Владимир Путин тосын мәлімдемесі елді елең еткізді

16:58, 05 қыркүйек 2026

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен бүгін кездеседі. Бұл туралы Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Америкалық өкілдер 5 қыркүйекте Мәскеуге келіссөздер жүргізу үшін келді. Олар Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты АҚШ ұсынысын талқыламақ. Кездесудің нақты уақыты мен күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ. 

Сонымен қатар, Путиннің Киевке соққы жасамау туралы үш күндік нұсқау бергені хабарланды. Бұл ақпарат Песковтің мәлімдемесіне сүйеніп таратылды.

Уиткофф пен Кушнер Мәскеуден кейін Киевке баруды жоспарлап отыр. Украина президенті Владимир Зеленский америкалық делегацияның сапары кезінде әуе соққыларын тоқтатуға дайын екенін айтып, Ресей тарапы да осындай қадамға баруы керектігін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп өкілдері соғысты аяқтауға қатысты ұсыныс алып бара жатқанын айтқанымен, оның нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар