Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Туған әкесі мас күйде өз қызын зорлаған

09:30, 06 мамыр 2025 622

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының Шығыс әкімшілік округі бойынша Перовск ауданаралық тергеу бөлімі жергілікті тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-бөлігі («Зорлау») бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп аяқтады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Тергеу барысында анықталғандай, 2025 жылдың 13 сәуірінде күдікті ішімдік ішкен күйде Мәскеудегі 1-ші Владимирская көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі пәтерде өзінің 27 жастағы туған қызын зорлаған.

Күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп, оған ресми түрде айып тағылды. Сот оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Сонымен қатар, тергеу барысында оның бұған дейін адам өліміне алып келген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Мәскеу қаласының тергеушілері қысқа мерзім ішінде барлық қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларын алды. Сараптамалар мен өзге де дәлелдемелер айыпталушының кінәсін толықтай дәлелдейді.

Жиналған дәлелдер жеткілікті болғандықтан, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар