Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Астанада жас жігіт өз отбасын аяусыз пышақтап, бауыздап тастады

Жантүршігерлік жағдай: Астанада жас жігіт өз отбасын аяусыз пышақтап, бауыздап тастады
Әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелеріне қатысты қастандық жасады деп күдікке 21 жастағы елордалық жігітті ұстау сәтінің видеосы тарады. Алдын ала нұсқа бойынша, отбасылық жанжал телефоннан шыққан, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған. Түнде барлығы ұйқыға кеткенде ол пышақты алып, отбасының әр мүшесінің тамағын орып шыққан. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

"Күдікті, елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалға туыстарының оған айтқан ескертуі түрткі болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар