Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа жылға дейін көп мәселе шешілуі мүмкін» - Зеленский Трамппен кездесуі жайында әлем күтпеген мәлімдеме жасады

18:27, 26 желтоқсан 2025

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамптың алдағы күндері өтуі мүмкін кездесуі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Украина лидері өзінің Telegram-арнасында жариялағандай, қос мемлекет басшылары жақын арада жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу туралы уағдаласқан.

Зеленскийдің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы әрі АҚШ-пен келіссөздер жүргізудегі Украина делегациясының басшысы Рустем Умеров американдық тараппен өткен кезекті байланыстардың нәтижесі туралы баяндаған.
Украина президенті бұл кездесудің стратегиялық маңызына тоқталып, былай деп жазды:

«Бір де бір күнді босқа өткізбейміз. Ең жоғары деңгейдегі кездесу туралы келістік. Трамппен жақын арада кездесеміз. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін».

Тараптар осы маңызды жүздесу арқылы алдағы уақыттағы негізгі мәселелерді шешуді көздеп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар