Елімізде жаңа жыл екі рет тойланатыны баршаға белгілі. Ел тұрғындары қыста Жаңа жылды қарсы алса, көктемде ұлттық салт-дәстүрге сай тағы бір жаңа жылды атап өтіп, ерекше қуанышқа бөленеді. Alash.kz порталы сіздер үшін 2025 жылға арналған қысқаша құттықтау тілектері мен өлеңдер ұсынды.
1. Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, таусылмас қуат, ырыс - береке тілеймін. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, жаңа жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін.
2. Жаңа 2025 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін! Жыл жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Үміт пен сенімнің, шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, баянды бақыт тілеймін! Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!
3. Жаңа жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін!
4. Жаңа жылда жақсылық пен сәттілік сізбен бірге болсын. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман-есен болсын, әрбір жаңа күн қуаныш сыйласын!
5. Жаңа 2025 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
6. Жаңа жылда әрбір күніңіз қуанышқа толып, өміріңізде тек жақсылықтар болсын! Денсаулығыңыз мықты, армандарыңыз орындалсын!
7. Жаңа жыл сізге үлкен жетістіктер мен ғажайып мүмкіндіктер әкелсін. Өміріңізде тек бақыт пен тыныштық орнасын!
8. Жаңа жыл ! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жыл ға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
9. Жаңа жылда сіздің жолыңыздан барлық қиындықтар кетіп, тек қуаныш пен сәттілік қана қалсын. Денсаулығыңыз берік, өміріңіз гүлдене берсін!
10. Жаңа жылда барлық мақсаттарыңызға жетіп, армандарыңыздың орындалуына жақындай беріңіз. Көңіліңізде қуаныш, жүрегіңізде тыныштық болсын!
Жаңа жылға арналған 5 өлең:
1. Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
2. Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!
3. Жаңа 2025 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
4. Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!
5. Жаңа жыл — жаңа ниет, жаңа күнсің,
Ғаламға ғашық болған жанарымсың.
Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,
Шаттықтың шарайнасы бола білгін!
Бұл тілектер мен өлеңдер жақындарыңыз бен достарыңызға ерекше көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз!