Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт шенеунік жұмыстан босатылды

Жамбыл облысында құмар ойын ойнаған төрт шенеунік жұмыстан босатылды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында құмар ойындарға қатысқаны үшін төрт мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан шығарылды, деп жазады Alash.KZ. 

Аудан прокуратурасының тексеруі барысында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің букмекерлік кеңсе қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп келгені анықталды.

Мәселен, бір бас маман ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған.


Еске салайық, 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар мен бәс тігуге заңмен тыйым салынған. Бұл талапты бұзу мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін тәртіптік комиссия төрт қызметшіні жұмыстан босату туралы шешім қабылдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар