Өскемен қаласының № 2 соты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне үкім шығарды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
YK-news.kz ақпаратына қарағанда, полицейлер жәбірленушіден ақша талап еткен, бермеген жағдайда арандатушылық бейнежазбаны тарататынын айтып, қорқытқан.
Айыптау қорытындысында полицейлердің бопсалау арқылы үш миллион теңге алғаны белгілі болды.
"Полицияның үш қызметкері қоғамдық тұлға болып табылатын С.-ның жеке өмірінен кейбір фактілерді біліп, материалдық пайда табу үшін қылмыстық келісімге келді", – делінген сот ақпаратында.