Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль Газадан әскерін шығарды: 72 сағаттық мерзім басталды

10:22, 11 қазан 2025 150

Израиль Газа секторынан әскерін ішінара шығаруды аяқтап, кепілге алынғандарды босатуға жол ашты. Бұл туралы АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, енді кепілге алынғандарды босатуға арналған 72 сағаттық мерзім басталды.

Израильдегі Шетелдік баспасөз қауымдастығы (FPA) атысты тоқтатуды құптап, халықаралық БАҚ өкілдеріне Газа секторына дереу қол жеткізуге мүмкіндік беруді талап етті.

«Соғыс қимылдарының аяқталуымен біз Израиль билігін шекараларды дереу ашуға және халықаралық баспасөзге Газаға еркін әрі тәуелсіз түрде кіруге мүмкіндік беруге шақырамыз», – делінген FPA мәлімдемесінде.

23 қазанда Израильдің Жоғарғы соты FPA-ның осы мәселеге қатысты ісін алғаш рет қарайды.

FPA – Израиль мен Палестина аумағындағы шетелдік журналистерді біріктіретін қауымдастық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар