Газа секторының оңтүстігіндегі Телль-эль-Хава ауданында орналасқан “Бурдж-Мекка” атты ең биік тұрғын үй әуе соққысынан толығымен қирады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.
Ғимараттағы тұрғындар алдын ала ескертілген. Израиль армиясы өкілдері ескерту жасағаннан кейін барлық тұрғын эвакуацияланып, олар Хан-Юнис қаласының оңтүстік бөлігінде құрылған гуманитарлық аймаққа көшірілген.
Бұған дейінгі деректерге сүйенсек, Израильдің әуе операциясы басталғаннан бері Газа қаласында 25 көпқабатты үй қиратылған. Израиль әскери күштерінің пайымдауынша, ХАМАС қозғалысының радикалды топтары мұндай ғимараттарды командалық орталық, бақылау пункті ретінде пайдаланып, снайперлік атыс пен танкіге қарсы шабуылдарды ұйымдастырған.