Израиль армиясы жаңа бір әскери операцияның басталғанын хабарлады. Құрлықтағы бұл қадам Ливанның оңтүстігінде, Хизбаллаға қарсы ұйымдастырылған. Бұл жайлы ел билігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ.
Израиль құрлықтағы операциясы басталғанын ресми түрде растады. Бұл жайлы "Әшкере" телеграм арнасында жазылған хабарламада мынандай дерек бар:
"“Солтүстік жебелері” деп аталатын операция шекара маңындағы ауылдарда жүргізіліп жатыр, олар Израильдің елді мекендеріне қауіп төндіреді. Шабуылға құрлық әскерлері әуе және артиллерияның қолдауымен қатысып жатыр", - делінген Израиль армиясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Операциялардың Газадағы басқа әрекеттермен үйлестіріліп, "Израиль азаматтарын қорғауға бағытталғаны" атап өтілген. Хизбалланың Radwan арнайы бөлімшесі өз кезегінде "сионистік режимнің құрлықтағы агрессиясымен күресуге дайын екенін" жариялап, бейнежазба жариялады.
Radwan - Хизбалла әскери-саяси ұйымының ең элиталық және шайқасқа қабілетті бөлімшесі. Оның саны шамамен 5.000 адам.