Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ирандық өкілдер үшін жабық!” - Еуропалық парламент әлем халқы күтпеген шешім шығарды

12:16, 13 қаңтар 2026

Еуропалық парламент ирандық дипломатиялық өкілдер үшін өз есігін жапты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ұйым төрағасы Роберта Метсоланың сөзінше, мұндай қадам Иран билігінің елдегі антиүкіметтік шерулерді күшпен басуына жауап ретінде қабылданған. Енді ирандық дипломаттарға Брюссель, Страсбург және Люксембург қалаларында орналасқан парламент ғимараттарына кіруге рұқсат берілмейді.

Ресми Тегеран бұл шешімге бірден жауап қатып, наразылығын білдірді. Иран Сыртқы істер министрлігі Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания елшілерін арнайы шақыртып, олардың демонстранттарды ашық қолдап отырғанын айыптады.

Геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты АҚШ билігі де шұғыл мәлімдеме жасады. Вашингтон өз азаматтарына Иран аумағынан тез арада шығып кетуді қатаң ескертті. Мемлекеттік департамент елде интернеттің өшуі, әуе рейстерінің тоқтатылуы және жаппай тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық қаупі жоғары екенін алға тартты. Азаматтарға елден құрлық жолы арқылы, атап айтқанда Түркия немесе Армения шекарасы арқылы кету ұсынылып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар