Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ирандағы соғыстың бізге қандай әсері бар? Қымбатшылық бола ма?»: Ермұрат Бәпи жауап берді (ВИДЕО)

15:46, 12 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Alash.kz ұлттық порталына берген сұхбатында Ирандағы соғыстың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді. 

Депутат еліміздегі қымбатшылық мәселесіне алаңдаушылық білдірді. 

«Иә, бізде қымбатшылық қысып бара жатқаны анық. Өзім де қазір қауіптенемін. Егер Таяу Шығыстағы, Ирандағы соғыс одан әрі өршитін болса, бізге келетін азық-түліктің үлкен бөлігі импорт екенін ескерсек, «қымбатшылық одан әрі белең ала ма, азық-түлік одан әрі қымбаттай ма» деген қатер бар»,- деді Ермұрат Бапи.

Депутат өз сөзінде үкімет қымбатшылыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама қабылдауы қажет екенін айтты.

«Әрине, мемлекет тұрғысынан, үкімет деңгейінде қымбатшылыққа қарсы бір мемлекеттік бағдарлама қажет. Осы қымбатшылыққа қарсы үлкен компания жүруі керек. Үкімет шұғыл түрде осындай бағдарламалық құжат қабылдауы қажет деп есептеймін»,- деді Ермұрат Бапи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар