Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ядролық нысандарымызға айтарлықтай зақым келді” - Иран СІМ басшысы шұғыл мәлімдеме жасады

13:08, 27 маусым 2025 489

Иранның СІМ басшысы Аббас Арагчи ядролық нысандарға жасалған соққының үлкен зақым келтіргенін растады. Бұл туралы PARANOIA.KZ телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол МАГАТЭ-мен байланысты үзу туралы заңға қатысты пікір білдірді. 

«Ядролық нысандарға қатысты шығынның үлкен және ауқымды екенін айтуым керек. Алайда МАГАТЭ тарапынан тексерістің болу/болмауын тиісті заңмен қарастыруға міндеттіміз», — дейді Арагчи. 

Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи де ядролық нысандарға келтірілген шығынды растады . «Біздің ядролық нысандарымызға айтарлықтай зақым келді. Бұл рас», — деді ол Al Jazeeraға берген пікірінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар