Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халықтың көңілін қимағандықтан тойға шығуға келісеміз". Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға үн қатты

11:42, 07 қыркүйек 2024 700

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің сахнаға шығу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Бұған дейін әнші Шаһизада жеке парақшасына Гүлзира Айдарбековамен бірге түскен тренд видеосын жариялаған еді. Алайда желі қолданушылары Қайрат Нұртастың анасында түк дауыс жоқ екенін жарыса жазды. Қит етсе, әр сынды көңіліне алып қала беретін әдетпен ол да оқырманға жауап берді.

Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес пе?! Мен мүлде әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. «Қызымды ұзатып бер», «Ұлым мен келінімді кіргізіп бер», «Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар», «Жолдарыңызды берсін» деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз, – деді Гүлзира Үсенқызы.

Сонымен қатар өзіне әншіліктен гөрі продюсерлік жақын екенін де жасырмады.

Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние, – деп ақталды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар