Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова AQARYS SEITQAZY YouTube арнасына сұхбат беріп, "Неге оған үш көлік берді" деп сынағандарға жауап қатты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Үш көлік берді деп жазғырып отырған адамдар сол көліктерді маған өздері алып берген жоқ. Бұны көреалмаушылық деп қабылдаймын. Мен ондай емеспін. Біреу не алса да, соған қуанамын. Кімге не беріп жатыр деген нәрсе маған қызық емес. Маған "Сен бір көлігіңді анаған бер, бір көлігіңді мынаған берсей. Неге бәрін аласың" деп көбісі жазды. Бұл олардан жиналған ақша емес. Олар "Әбибаға машина алып берейік" деп сбор ашып, халықтан ақша жинаған жоқ. Олар жеке кәсіпкерлер, өз қалталарынан беріп жатыр. Демек, оларға менің күресім ұнаған. Оған дейін де мен қатысқан барлық жарыстарда жанкүйер болған. Сол үшін берді. Атырау облысында да әкім өзі берген жоқ. Жеке кәсіпкер берді", - деді Әбиба Әбужақынова