Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Гүл секілді есірткі өсірген. Үйінде тыйым салынған өсімдік өсірген өскемендік ұсталды

11:27, 01 мамыр 2025 137

Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны үйінде есірткі өсірген, деп хабарлайды  ALASH.KZ.

Арнайы жабдықталған бөлменің фитолаборатория болғаны анықталды.  

Күдікке ілінген тұрғын бөлмеде қарасора бұтақтарын өсірген деген мәлімет бар. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарын қолдану мен таратудың зиянды салдары туралы ескертеді және азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырады.

«Егер сізге есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар