Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Грузиядағы бас көтерушілердің мемлекет бетін қайтара алар емес. Ауқымды шерулер жалғасып жатыр

11:15, 01 мамыр 2024 384

Грузиядағы мыңдаған наразылық білдірушілер арнайы күштердің қарсылығына ұшырады.  Су атқыш құралдармен төпесе де, көзден жас ағызатын газбен оларды жаншуға тырысса да, шерушілердің Тбилисидегі орталығынан кетпегені хабарланды, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Грузияда "иноагенттер" туралы заңның қабылдануына қарсы митинг түнгі сағат үште, Тбилисиде, болды. Арнайы күштер су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ гранаталарын қолдана отырып наразылықты бес мәрте басуға тырысты. Наразылық білдірушілер іргелес көшелерге қашып кетіп, содан кейін қайтара Руставели даңғылына оралған. Арнайы күштерге қарсы қоқыс жәшіктері мен қоршаулардан баррикадалар жасаған. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні Грузия парламенті екінші оқылымда "иноагенттер" туралы заң қабылдауды жоспарлап отыр. Ал оппозиция тарабы келесі наразылыққа шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар