Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Газаны туристік орталыққа айналдырмақ” - Трамп әкімшілігі жаңа бастама жоспарлап отыр

19:28, 20 желтоқсан 2025

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп әкімшілігі Газа аймағын ірі туристік орталыққа айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Alash.kz The Walt street Journal басылымына сілтеме жасап. 

“Күннің шығуы” деп аталатын ауқымды жоспардың құны шамамен 112 миллиард доллар деп бағалануда. Жоспарға сәйкес, келесі жиырма жылда Газа аймағы түбегейлі өзгеруі тиіс.

Жобаны Дональд Трамптың кеңесшілері Уиткофф пен Джаред Кушнер әзірлеуде. Олардың мақсаты – Газада жаңа қалалар салу арқылы аймақты дамыған, туристер үшін тартымды аймаққа айналдыру.

Алайда, жобаның нақты жүзеге асуы бірнеше мәселеге байланысты белгісіз күйде қалып отыр. Ең үлкен сұрақтардың бірі – қажетті қаржыны табу және қазіргі тұрғындардың қайда қоныс аударуы керек екені.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар