Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Газа халқы шөпті азық етуге мәжбүр

26 наурыз 2024 162

Газа секторын ашаршылық жайлап барады. Тұрғындардың тамақтан тарыққаны сонша шөпті азық етуге мәжбүр,деп хабарлайды 24.kz.

Бір үзім нанға жарымай отырған жұрт бұл да болса өлмес өзекке талғажау дейді. Осыған алаңдаған Біріккен Ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі аймақтағы қақтығысты дереу тоқтатуды талап етіп отыр.

Шұғыл түрде шара қабылдап, азық-түлік дағдарысын шешпесе, мамыр айында халық қырғынға ұшырайды, дейді мамандар.

Қазірдің өзінде газалықтардың 70 проценті аштықтан зардап шегіп отыр. Қақтығыс кесірінен гуманитарлық көмек жеткізу мәселесі әлі де қиын.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?