Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғашықтың тілі-тілсіз тіл: Өлеңді жестпен жеткізген жас жұбайлардың видеосы жұртты елжіретті

12:05, 21 қазан 2024 3088

Әлеуметтік желіде сөйлей алмайтын жұбайлардың тойдағы ән айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Олар белгілі актриса Дариға Бадықова мен Олжас Абай орындаған Талғат Лестің "Сезім үшін" әнін өздерінің үйлену тойларында дуэт болып айтып шығады. 

Қолмен ымдап, ауыз, көз бет әлпетпен әнді нақышына келтіріп орындағандары сондай, тойдағы жиналған адамдардың өзі жастардың дарынына қол соғып қошемет көрсетуде.

Қазақ "Ғашықтың тілі - тілсіз тіл" деп бекер айтпаған, олардың тілі болмаса да, жүректері бар, ән сүйетін, әнді жүрекпен айтатын таланттары бар. Жеілдегі жұрт жастарға бақыт тілеп жатыр.   

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар