Актер Шәріп Серіктің сүйіктісі Әлия Ботееваны соққыға жыққаны хабарланды. Оқиғаға ашынып, актерды қаралап жатқандардың қарасы қалың, деп хабарлайды Alash.KZ.
Болған жайттан кейін актердың мансабы да мансұқтала бастаған. Salem Entertainment компаниясы Серік Шәріпті қара тізімге кіргізіп, барлық келісім-шартты тоқтатуды шешкен.
«Қазіргі уақытта бұрын жарияланған «Шакал» жобасы мен «Qarga» телехикаясының үшінші маусымы тоқтатылды. Сонымен қатар, актер «Meow» телехикаясының екінші маусымында да басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болғанына қарамастан, қатыспайтын болды», – деп жазылған компанияның ресми мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, «Патруль» фильмінің командасы да Серік Шәріптің қылығын айыптайтынын білдірді. Команда актердың қатысуымен болған барлық көріністерді алып тастамауға бекініп отырғанын хабарлады.