Еуропа тұрғындарының небәрі 11%-ы ғана АҚШ-ты өздерінің сенімді одақтасы деп есептейді. Бұл туралы Еуропалық сыртқы қатынастар кеңесінің (ECFR) сауалнамасында айтылды, деп жазады Alash.KZ.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жарты жыл бұрын бұл көрсеткіш 16% болған. Ал 2024 жылғы қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланған кезде еуропалықтардың 22%-ы Вашингтонды одақтас ретінде бағалаған.
Сауалнама қатысушыларының басым бөлігі Еуропаға қауіп төнген жағдайда АҚШ көмек көрсетуге дайын екеніне күмәнмен қарайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Еуропа елдерінің қауіпсіздік пен сыртқы саясат мәселелерінде дербестікке ұмтылысының күшейгенін көрсетеді.
Зерттеу қорытындылары G7 және НАТО саммиттері қарсаңында жарияланып отыр.
Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы АҚШ пен Еуропа арасындағы келіспеушіліктер жиілеген. Вашингтон бірқатар еуропалық тауарларға кедендік баж салығын енгізіп, НАТО мүшелерінің қорғанысқа жұмсайтын шығындарын бірнеше рет сынға алды. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігі Еуропа елдерінен Иранға қатысты ұстанымын қолдауды талап еткен.
Бұған қоса, Трамп бірнеше рет Дания құрамындағы Гренландияға бақылау орнату мәселесін көтерген.
Өткен айда АҚШ Германиядағы әскери контингентінің бір бөлігін шығара бастайтынын мәлімдеді. Бұл шешім Германия канцлері Фридрих Мерцтің Иранға қарсы әскери операцияларды сынауынан кейін қабылданғаны айтылып отыр.
Еуропалықтардың АҚШ-қа сенімі күрт төмендеді
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026