Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еуропа Одағы мен АҚШ қыспаққа алмаса, Путин сабасына түспейді" - Зеленский

10:23, 19 желтоқсан 2025

Президент Украина Владимир Зеленскийнің айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путинге Батыстың, соның ішінде Еуропа Одағы мен АҚШ-тың қысым көрсетусіз Ресей–Украина қақтығысы бойынша диалогқа келмеуі мүмкін. Бұл туралы Alash.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарланады.

Зеленский журналистермен әңгімесінде Ресей тарапымен бейбіт келіссөздердің мүмкіндігі, сондай-ақ ықтимал аумақтық келісімдер мәселесі бойынша шешімді украин халқы қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Ол референдум немесе басқа конституциялық рәсімдер арқылы халықтың ойын білу қажеттігін айтты.

Сонымен бірге президент Киевтің АҚШ-қа жаңартылған «бейбіт жоспар» нұсқасын жолдағанын растады. Ол бұл жоспар аясында АҚШ тарапынан Ресей мен Украина әскерлері арасындағы шығыс аймақта «демилитаризацияланған еркін экономикалық аймақ» құру ұсынылатынын жеткізді.

Зеленскийдің сөзінше, бұл аймақтағы қарулы шектеулер мен басқару формасы әлі нақты анықталмаған. Сол себепті келіссөздердің әрі қарай қалай дамитыны, бейбітшілік жоспарының қандай болатыны әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын АҚШ бейбітшілік жөніндегі өз жоспарын ұсынып, одан кейін Еуропа елдері басшылары Зеленскиймен осы жоспарды талқылаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар