Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еуроодақ Мәскеуді тағы шырылдатты" - Киевке 4 млрд еуро беретін болды

16:07, 02 қазан 2025 407

Қаражат ЕО аумағында бұғатталған Ресейдің орталық банк активтерінен түскен табыстан алынып отыр. Киев бұл қаржыны әлеуметтік саланы қаржыландыруға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және қорғанысқа жұмсамақ, деп жазады Alash.KZ.

Украина Қаржы министрі Сергей Марченко ресейлік активтерден түскен кірісті пайдалану мәселесі Еуропамен келіссөздерде күн тәртібінде қалатынын айтты.

Ал Мәскеу мұндай қадамды «ұрлық» деп бағалады.

Айта кетейік, Украина бюджетінің 40%-дан астамы сыртқы көмек есебінен құралады. Соғыс басталғалы бері Батыс елдері Киевке тікелей қаржылай қолдау көрсетіп отырған басты донорға айналды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар