Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Есірткі салынған 24 дана орам табылған» - 18 жасар жігіттің сұмдық қылмысы әшкере болды (ВИДЕО)

21:18, 30 желтоқсан 2025

Көкшетау қаласында синтетикалық есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысқан 18 жастағы студент құрықталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталғандай, күдікті заңсыз әрекетін мобильді қосымша арқылы үйлестіріп отырған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол шамамен бір ай бойы қала аумағында есірткі заттарын жасырын орындарға орналастырумен айналысып келген.

Ұстау шаралары нәтижесінде күдіктінің жанынан мефедрон есірткі заты салынған 24 дана орам табылып, тәркіленді.

Полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе: «Күдікті есірткі заттарын мобильді қосымша арқылы тауып, шамамен бір ай бойы қала аумағында жасырын орындарға орналастырып келген», - деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар