Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есікті қатты тоқылдатқаны үшін ашуланып, ұрып жіберген". Шымкентте оқушыға қол көтерген мұғалім қамаққа алынды

16:02, 22 тамыз 2025 307

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мектеп-лицей мұғаліміне қатысты іс қаралды. Ол кәмелетке толмаған оқушыны ұрып-соқты деген айып бойынша кінәлі деп танылды,  деп жазды Alash.kz.

BAQ.KZ порталының жазуынша, 2025 жылдың наурызында сабақ өткізіп жатқан мұғалім есікті қатты тақылдатқан оқушыға ашуланып, бірнеше рет ұрып жіберген.


Салдарынан жәбірленушінің қол-аяғы ауырған, бірақ денсаулығына зиян келмеген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауабымен, бейнежазбалармен және іс материалдарындағы өзге де айғақтармен толық дәлелденді, - делінген соттың хабарламасында.

Прокурор сотталушыға қамаққа алу жазасын сұрады. Жәбірленуші де кешірім бермейтінін айтып, қатаң жаза қолдануды талап етті. Ал сотталушы айыбын мойындап, жеңіл жаза беруді өтінген.

Сот оның кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. 

Нәтижесінде мұғалім 25 тәулікке қамаққа алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар