Мектеп оқулықтарын теуіп, кітабын лақтырған оқушы әрекетіне қатысты қоғам белсендісі, журналист Айгүл Болатханқызы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Былай қарасаң, ешбір ата-ана баласына жаман тәрбие бермейді. Бәрі керемет! Жылдың соңында баласының сабақты үздік аяқтағанына мақтанып отыратын, университетті үздік бітіргеніне марқаятын әке-шеше көп. Бірақ алға жылжығанымыз шамалы. Күнде біреу таяқтан, пышақтан өледі. Сана жетілмеген соң қос дипломыңнан пайда жоқ. Міне, ертеңгі күннің кезекті жемқоры немесе масылы. Кім ал бұл? Кімнің баласы? Шешесі кім бұның? - деп жазды журналист.