Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сағынышым бар... Халық қолдады, еліне шын жаны ашыған азамат еді". Кәсіпкер Бердібек Сапарбаев жайлы шындық айтты

11:19, 01 ақпан 2026

Қазақстандағы беделді кәсіпкерлердің бірі, қоғам қайраткері Кеңес Хамитұлы Рақышев марқұм Бердібек Сапарбаевқа арнап жазба жариялап, басшы болған кезіндегі азаматтық ісін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бердібек Сапарбаевтың ұлы әлеуметтік желіде әкесіне арналған жазба жариялады. Осыған байланысты қоғам қайраткері марқұм Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевты еске алып, оның елге сіңірген еңбегі мен қайырымдылық саласындағы қолдауы туралы пікір білдірді.

Айтуынша, Бердібек Сапарбаев қызмет атқарған өңірлерде халықтың қолдауына ие болып, қарапайымдылығы мен кішіпейілділігімен ерекшеленген. Ол әрдайым әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсеткен.

Менің де іні ретінде Бердібек Мәшбекұлына деген сағынышым бар.

Өйткені ол кісі — дана, еліне шын жаны ашыған азамат еді. Қай жерде қызмет етсе де, халықтың разылығына бөленді. Ешқашан көкірек қағып, өзін өзгеден жоғары қойған емес. Қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі оның болмысының ажырамас бөлігі болатын.

Мен ол кісіге іні буынның өкілі болсам да, әрдайым үлкен құрмет пен ілтипат танытатын. Тағдырдың үйлесуімен біз «Сәби» қоры ретінде Бердібек Мәшбекұлы басқарған өңірлерде бірқатар қайырымдылық жобаларын жүзеге асырдық.

Ағамыз басқарған Ақтөбе қаласында «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығын салдық. Бұл — жастардың қоғамға бейімделуіне арналған ерекше жоба.

Аталған орталық дамуында шектеуі бар балалар үйлерінің түлектеріне бағытталған. Тағдырдың қиындығын ерте көрген, бірақ өмірден өз орнын табуға лайық жастарға нақты қолдау көрсету мақсатында ашылды. Бұл жер олар үшін тек ғимарат емес, жаңа өмірге қадам басатын, қоғаммен тіл табысуды үйренетін, өз мүмкіндігін сезінетін кеңістік болды. 

«Мейірім» орталығы — 5 корпус пен 80 пәтерден тұратын, жалпы аумағы 4 300 шаршы метрді құрайтын әлеуметтік маңызы зор нысан.

Одан бөлек, Тараз қаласында заманауи балалар алаңын салдық.
Бұл нысан жай ғана ойын алаңы емес — заманауи талаптарға сай толық жабдықталған, балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына бағытталған орта.

Алаң жұбайым Әселдің жеке талабы бойынша, экологиялық талаптарға толық сай материалдардан тұрғызылды. Мұндағы әрбір элемент баланың денсаулығы мен табиғатқа зиян келтірмеу қағидатын басшылыққа ала отырып таңдалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар