Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жанабыловтар ісі ушыға түсті". Лицензиясыз лотерея ұйымдастырған аты шулы блогерлер 7 жылға сотталуы мүмкін

09:31, 01 ақпан 2026

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тергеу аясында қосымша, аса ауыр қылмыстық баптар тіркелді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы.

Аталған ақпаратты блогерлер отбасының адвокаты Жасұлан Рахымғалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып отыр. Адвокаттың айтуынша, әсіресе 218-бап — қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі аса ауыр қылмыс санатына жатады және бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Рахымғалиевтің мәліметінше, тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған табыс деп бағалап, оны заңдастыру белгілерін анықтаған. Сонымен қатар, іс материалдарында прокурор тарапынан мемлекет мүддесіне қатысты талап-арыз тіркелген. Аталған талап-арызда азаматтардан жиналған қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу мәселесі көтерілген.

Қазіргі уақытта блогерлерге қатысты бұлтартпау шарасы қаралып жатыр. Адвокаттың айтуынша, әзірге нақты қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Тергеу деректеріне сәйкес, олар әлеуметтік желілерде ақша, автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар тігілген ұтыс ойындарын жүйелі түрде өткізіп келген.

Сот шешімінен кейін іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданып, қаржы операцияларына қатысты қосымша тексеру жұмыстары басталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар