Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұндай жауыздықты көремін деп мүлде күтпедім": Журналист Атыраудағы трагедия жайлы айтты (ВИДЕО)

13:00, 31 қаңтар 2026

Атыраулық отбасының мәселесін көтерген жергілікті журналист Жанат Молдашова өзіне әлдекімдер қоқан-лоққы жасап, қорқытқанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Мен ауылға барғанда мұндай сұмдыққа тап боламын деп ойламадым. Өзім ауылда өскен адаммын ғой. Оның үстіне Қызылқоға ауданы — Атырау облысындағы ең қаймағы бұзылмаған, қазақы ауылдардың бірі. Ондай жерден мұндай жауыздықты көремін деп мүлде күтпедім.

Мен кез келген жағдайды алдымен өз бойымнан өткіземін. Бұл жағдайды да ішіме сақтап жүрдім. Алайда дәл сол күні екі үлкен кісінің денесінің өз сарайынан табылғаны маған өте ауыр тиді. Біз қалаға әрең жеттік, жанымыз қатты ауырды.

Сол кездері түн ішінде бейтаныс адамдар қорқытып телефон соқты. Одан кейін маған түрлі жазбалар келе бастады. «Сен ойнайтын ойыншық емес, ойыннан шығып кет» деген мазмұнда хабарламалар болды.

Менің қызметімде әлсіздікке берілуге болмайды. Журналист болғаннан кейін қылмыстың да, өзге де оқиғалардың бел ортасында жүреміз. Дегенмен бұл жағдай маған өте ауыр тиді», – деді журналист Alashorda.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар