Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Халық қалаулысы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылғанын хабарлады.
”Сүйінші! «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға 130,71 доллардан аударылды.
2025 жылғы инвестициялық табыстың қорытындысына сай, «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында еліміздегі 6,9 миллионнан астам балаға $130,71 мөлшерінде қаражат түсті. Бағдарлама шартына сәйкес қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі.
Ақшаны kids.enpf.kz сайтынан көре аласыздар. Басқа қосымшаларда әзірге көрсетпеуі мүмкін. Құтты болсын”,- деп жазды Дәулет Мұқаев.