Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаза тапқан адамның жеке басы анықталмай жатыр". Оңтүстік Кореядағы зауытта өрт шығып, қазақстандық із-түссіз жоғалып кетті

13:39, 01 ақпан 2026

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шықты. Салдарынан өзге жұмысшылар эвокуацияланған кезде Қазақстан мен непалдық азамат іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Yonhap порталының жазуынша, өрт 30 қаңтар күні сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясының Ымсон уезінде орналасқан дымқыл сулықтар мен жөргектер өндіретін зауытта тұтанған. Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 қызметкер болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.

БАҚ деректеріне сәйкес, эвакуациядан кейін екі шетелдік қызметкер – жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және шамамен 20 жастағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Өрт ішінара ауыздықталғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталған.

Сондай-ақ кейбір ақпарат құралдарында жоғалғандардың 50 жастағы Өзбекстан азаматы мен 20 жастағы Непал азаматы екені туралы мәлімет тараған.

31 қаңтар күні сағат 00:39-да өрт сөндірушілер жоғалғандардың бірінің мәйітін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.

Өртті толықтай сөндіру тек шамамен 21 сағаттан кейін – 31 қаңтар күні сағат 12:08-де ғана мүмкін болған. Өртті сөндіру жұмыстары ғимарат конструкцияларының құлауымен және зауыт аумағындағы жанғыш материалдардың көптігімен күрделенген.

БАҚ мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеу жұмыстарын жалғастырып, өрттің шығу себептерін тергеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар