Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл мен үшін шешім оңай болған жоқ". Шавкат Рахмонов шұғыл түрде мәлімдеме жасап, қиын жағдайын айтты

16:04, 01 ақпан 2026

Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмонов денсаулығына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Ол тізе жарақатына байланысты кезекті хирургиялық ота жасатқанын және спорттық мансабында уақытша үзіліс алатынын хабарлады. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы спортшының X әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасап мәлімдеді.

31 жастағы файтердің айтуынша, соңғы уақытта мазалап жүрген жарақаттарына байланысты октагонға қайта оралу мерзімі толық қалпына келгенге дейін кейінге шегерілген.

«Жарақаттардың салдарынан тағы бір ота жасатуға тура келді. Қазір толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Бұл шешім оңай болған жоқ, алайда әрбір қиындықты алдағы үлкен мақсаттың бір бөлігі ретінде қабылдаймын», — деп жазды Шавкат Рахмонов.

Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (77,1 келіге дейін) рейтингте екінші орында тұр. Оның алдында дивизион чемпионы Ислам Махачев пен австралиялық Джек Делла Маддалена бар.

Рахмоновтың кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

Медицина мамандарының мәліметінше, тізеге жасалған отадан кейінгі оңалту кезеңі бірнеше айдан алты айға дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты спортшының титулдық жекпе-жегі 2026 жылдың екінші жартысына ауысуы ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар