Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйітхана, алыс елді мекендер… Барлығы тексерілді”: Атыраудағы трагедия жайлы жаңа дерек айтты (ВИДЕО)

20:03, 31 қаңтар 2026

Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет Kursiv Media Kz YouTube арнасына берген сұхбатында Жангелдин ауылында іс-түссіз жоғалған отбасын полицейлер қалай іздегенін айтып берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Еліміздегі барлық мәйітхана, ауруханалар, жасырын түрдегі емханалар да барлығы тексерілді. Олардың құрылғылары қосылған қалалардың маңындағы қыстақтар мен өзге де адам аяғы көп баса бермейтін алыс елді мекендер де тексерілді. Мүмкін сол жерде жүрген шығар дегендей… Бұл жерде “полицияның әрекетсіздігі, полиция іздемеді” деген ақпараттар ақылға қонымсыз деп есептейміз”,- деді Мейірім Есдәулет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар