Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алла қаласа! Той тойлатып отырмыз»: Сүйінші! Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

22:14, 31 қаңтар 2026

Әнші Димаш Құдайберген өзі продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» («Көкжиектен асқан үн») атты халықаралық тележобаның басталатынын жариялап, өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі «Voice Beyond Horizon» тележобасының Instagram парақшасына бір күннің ішінде 40 мың адам тіркеліп, көпшіліктің зор қолдауына ие болғанын айтып, ризашылығын жеткізді.

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Бір күнде байқауымызға 40 000 адам тіркелді — қолдауларыңызға мың алғыс!

Алғашқы турды бәріміз бірге, үлкен экраннан тамашаласақ деймін: кіру тегін.

Қай зал немесе арена ыңғайлы? Ұсыныс қалдырыңыздар, ертең кешке орнын хабарлаймыз. @voicebeyondhorizon”, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, халықаралық музыкалық шоу 5 ақпаннан бастап әр бейсенбі сағат 22:00-де Қытайдағы Hunan TV телеарнасында және Mango TV онлайн платформасында көрсетіледі. Қазақстанда бағдарлама Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Жоба Қазақстанның алты өңірінде түсіріліп, елдің табиғи сұлулығы мен туристік әлеуетін әлемге танытуды мақсат етеді. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар