Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасы: Журналист өз өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтып сұхбат берді

15:20, 01 ақпан 2026

Ютубтағы "Алаш Орда" арнасында журналист Жанат Молдашеваның сұхбаты жарық көрді. Сұхбатта журналист көбінің істі соңына дейін жеткізуге келгенде қорқып қалғанын айтты, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Ауылға барғанда да мұндай сұмдыққа тап боламын деп бармадым. Ауылда өскенмін ғой. Мынандай жауыздықты көремін деп ойламадым. <...>. Қанша жылдан бері осы салада жұмыс істеймін. Бірақ мынандай сұмдықты көрмедім... Бұл тақырыпты қайталап айта берудің өзі маған ауыр. 

Бұл отбасы өте қарапайым адамдар. Марқұм ағамыздың жалғыз түйір қарындасы ғана қалды. Денсаулығы жоқ, өзі де ауырады. Әкеден жетеу едік, жалғыз қалдым деп жылап тұр. Басында шулап жүрген белсендінің бәрі қорқып қалды. Маған да бұл жерде экстремизм болуы мүмкін, қауіпті топ бар. Өз жеке басыңа, отбасыңа қауіпті деп хабарласқан көп болды, - деді журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар