Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Бурабайда қаңғыбас иттерді атамын деген қызметкер адам атты

10:10, 01 ақпан 2026

Ақмола облысының Бурабай ауданында қаңғыбас иттерді ату кезінде кәсіпорын қызметкері абайсызда әріптесін жарақаттап алды. Бұл туралы  Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға Бурабай ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде болған. Қызметкер қаңғыбас иттерді ату барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан әріптесін жаралаған. Оқ оның аяғына тиген.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат оқ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары оқиға кезінде қолданылған қаруды тексеруде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар