Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда салынып жатқан "ерекше көпір" өртеніп кете жаздады

12:26, 01 ақпан 2026

Павлодар қаласында 31 қаңтар күні кешкі уақытта Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпір құрылысында өрт шықты. Өрт шамамен 30 метр биіктікте тұтанғанымен, құтқарушылар жедел әрекет етіп, жалынның таралуына жол бермеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан жылу оқшаулағыш материалдар, ағаш қалып элементтері және жылу жамылғысының қатпары жанған. Биіктіктің күрделілігіне қарамастан, өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының алдын ала дерегіне сәйкес, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болған ұшқын немесе жылулық әсер себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар