Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әлемнің бірінші ракеткасын жеңді”. Сүйінші: Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

16:54, 31 қаңтар 2026

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Қуанышты жаңалықты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездесті.

Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды - 6:4. Екінші кезеңде дәл осы есеппен қарсыласы басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық спортшы тағы да басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл - оның мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жеңісі. 2022 жылы отандасымыз Уимблдон турнирінде топ жарған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар