Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады”: Президент Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

18:16, 31 қаңтар 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар