Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ереуілге шыққан "Қазақмыс" жұмысшылары туралы соңғы ақпарат қандай? (Видео)

21:01, 20 желтоқсан 2024 148

Жалақыларын көтеруді талап етіп, наразылыққа шыққан жұмысшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Ал "Қазақмыс" корпорациясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, жұмысшыларға компания басшылығы мен күштік құрылымдар тарапынан ешқандай қысым көрсетілмегенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ корпорация наразы жұмысшылар сұраған екі негізгі талаптың орындалатынын атап өтті.

“13-жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу және тоқсан сайын сыйақы төлеу. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақыны 8,5%-ға индекстеу ұсынысы да өз күшінде”, – делінген хабарламада. 

 

Президентке үндеу жолдаған жұмысшылар “әлеуметтік желіде кеншілердің ең төменгі жалақысы 800 теңгеден басталады” деген жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеген еді. Олардың айтуынша, кеншілердің жалақысы 500 мың теңгеден басталады.

Ал "Қазақмыс" корпорация жұмысшылардың жалақысы еңбекақыдан және сыйақыдан тұратынын, корпорациядағы орташа жалақы көлемі 730 431 теңгені құрайтынын мәлімдеді. 

Корпорацияның мәліметінше, ұсынылған шарттарды 40 мыңға жуық қызметкердің басым көпшілігі қолдаған. Ереуілді жалғастырып жатқандардың 65-шахтадағы (ОЖК) жұмысшылардың шағын тобы екені айтылған. 

Stan.kz жазғандай, Жезқазған мыс қорыту зауыты, Жайсаң, Шатыркөл, Саяқ кеніштері, сондай-ақ Жыланды, Жомарт, Батыс және Шығыс кеніштеріндегі бригадалар жұмысын қайта бастаған.

Еске салсақ, 17 желтоқсан күні Сәтбаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар