Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді әскерден бас тартқандар сотталады

15:54, 11 қазан 2024 589

Биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат міндетін өтемесе, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырудың тәртібі туралы мәлімдеме жасады.

«Әскери қызметке шақырылған азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру комиссиясына келуге міндетті», – деп басып айтты ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.

Шақыру қағазы әскерге баруы керек адамның жеке өзіне немесе жұмысына, оқу орны бойынша ұйым басшыларына қол қойғызу арқылы, болмаса, смс-хабарлама арқылы тапсырылады, деп жазды tengrinews.

 Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз етуге тиісті ішкі істер органдарына жүктеледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар