ҚР Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтап, талапкерлерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.
Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын!
Бұл күн – әсіресе, бірінші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндеріміз үшін ерекше маңызды. Балапандарымыз алғашқы әліппелерін қолдарына алып, білім әлеміне үлкен қадам жасайды.
Бұл күн мектеп түлектері мен студент атанған жастар үшін де айрықша.
Түлектерімізге таудай талап, мықты жігер, ал оқушы мен студент атанғандарға – адал достар мен тың жаңалықтарға толы қызықты жылдар тілеймін. Еңбекқорлық пен ізденімпаздық әрқашан серіктеріңіз болсын!
Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, ынталы оқушылар, денсаулық пен мол жетістіктер тілеймін!
Баршаңызға Білім күні құтты болсын! - деді Аймағамбетов.