Атыраудағы трагедияға қатысты соңғы жаңалықтар төңірегәнде марқұмның туысы Асила Мұқанғалиевадан КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева сұхбат алды, деп жазады Alash.kz.
Күдіктілер Наурыз бен Мейрамгүлдің қайда екенін айтатын шығар деген үмітпен отырған жақындары, ең болмаса қос бауырының сүйегі табылса екен дейді.
Екеуі де тірі болса екен. Жоқ дегенде сүйегі табылса екен. Өзіміздің жүрегіміз тірі келсе екен дейміз ғой. Наурыз тірі келіп, күдіктің бәрі туралы ашып айтып берсе екен. Ішімізден жылаймыз, күйеміз. Бірақ, Мейрамгүлдің де, Наурыздың да ешкімге зияны жоқ адамдар ғой. Қолынан келген көмегін аямайтын еді. Қандай көмек болса да, қолындағы соңғы ақшасын беруге дайын бала еді. Ешкіммен ләм деп керісіп, біреу көре алмайтындай зияны жоқ. Мейрамгүл бала сияқты еді. Жүре береді. Наурыздың жоқ болғанына жарты жыл болды.