Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елуден асқан қалыңдық": Tik-Tok-та табысқан жұбайлар жұртты елжіретті

14:29, 24 қазан 2024 833

Әлеуметтік желіде тараған видеода орта жастан асқан жұбайлардың үйленген, той жасаған бақытты сәттері көрсетіледі, деп жазады Alash.KZ.

Белгілі журналист Ержан Төлектің жазуынша, 52 жастағы қалыңдық отыз жасында жесір қалған. Екі қызын жалғыз өзі өсіріп, тұрмысқа беріп, құтты орындарына қондырған. 

Ал қыздары өз теңдерін тауып болған соң аналарын ұзатуды қолға алыпты. Сөйтіп, анасын Тик Ток әлеуметтік желісіне тіркеп берген. Орта жастан асса да, бақытты болуды аңсаған ана ақыры өзінің теңін тауыпты. Екінші жартысы да өзі сияқты жер ортасына келіп теңін іздеген бойдақ жан болып шығады. 

Желіде анасының тойында ұзату әнін айтқан қыздың видеосы жұрттың жүрегін елжіреткен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар