Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елді Ресейге тартып жатсың: Депутат сайлау комитеті жетекшісіне бояу шашты (ВИДЕО)

17:38, 18 қараша 2024 601

16 қараша күні Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында парламенттік сайлаудың нәтижелері жарияланды: 53,93% дауыспен билеуші «Грузин арманы» партиясы жеңіске жетті. Бұл туралы aitarym.kop инстаграм парақшасы жариялады. 

Отырыс барысында ОСК төрағасы Георгий Каландаришвили мен оппозициялық «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының мүшесі Давид Киртадзе арасында жанжал туындады.

Киртадзе сөз сөйлемек болғанымен, регламент аяқталған соң оның микрофоны өшірілді. Бұл жағдай оппозиционердің наразылығын тудырып, жанжал агрессивті сипатқа ұласты.

Киртадзе ОСК төрағасына бояу шашып, былай деді: «Сіз халықтың үнін естімейсіз, наразылық білдіріп жатқан студенттерді тыңдамайсыз. Сіз Грузияның болашағын тартып алып, елді Ресейге қарай итермелеп жатырсыз. Мен сізді төраға деп атай алмаймын».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар