Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи таңдау: Құрылтай сайлауында 12,6 миллион азамат дауыс береді

09:15, 23 тамыз 2026

Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сағат 07:00-де бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері ашылып, Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс беру ресми түрде іске қосылды. Комиссия мүшелерінің сөзінше, қазақстандықтар таң сәріден жоғары белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен келіп жатыр. Көптеген учаскелерде сайлаушылар кезекке тұрған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Республика аумағында 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар шет елдердегі 16 мемлекетте орналасқан 19 сайлау учаскесінде де дауыс беру процесі басталды.

Бұл саяси науқанда дауыс беруге құқылы сайлаушылар тізіміне жалпы саны 12 605 788 азамат енгізілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар