Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"1993 жылы туған мопед жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды". Алматыда қызмет көлігі пен мопед соқтығысып, жан шығыны болды

15:39, 22 тамыз 2026

Алматыда Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында мопед жүргізушісі коммуналдық көлікпен соқтығысып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Жол-көлік оқиғасы 22 тамыз күні сағат 04:27 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Dulevo маркалы коммуналдық техника щеткасының істен шығуына байланысты жөндеу жүргізу үшін арнайы автобус жолағына тоқтаған.

Жөндеу жұмыстары аяқталған кезде осы жолақпен DongFang маркалы мопед келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, мопед жүргізушісі алдында тұрған арнайы техниканы соңғы сәтте байқап, шұғыл тежеген. Алайда жолдың сулы болуына байланысты мопедті айналып өтуге үлгермей, құлап, коммуналдық көліктің астына түскен.

1993 жылы туған мопед жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы және криминалистер жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар